1

2019 жылдың 07 қыркүйегінде қалалық «Столичный» саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Денсаулық Фестивалі201 кең ауқымды акциясы өтті. Акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, ЖИТС орталығының және қалалық емханалардың қатысуымен ұйымдастырылды.

EC9ppTkXsAAbZJt

2019 жылдың екінші қыркүйегінде Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымының медицина қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 8fbfe04e 1dd2 43ba bf39 79e1e8a20a76

2019 жылғы 14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС-пен күрес жөніндегі Элтон Джон қайырымдылық қорының (Ұлыбритания) бағдарламалық менеджерлері Фридрих Конрад және Джейкоб Рашбас сапармен келді.

d34ab98f c905 4666 b3b9 161d635e8793

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұжымының ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті. Кешті орталықтың бас дәрігері Сәбит Бекмағамбетұлы Абдраимов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

IMG 15131

2019 жылдың 23-24 шілдесінде «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «ARBA market» ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы департаментінің және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп супермаркет қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.