АИТВ-ға тестілеуден өту
Кім және қашан АИТВ-ға тестілеуді өтедіҚазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар ерікті жасырынды және (немесе) құпиялы тексеруге және АИТВ-инфекциясы сұрақтары бойынша ақысыз түрде кеңес алуға құқылы.
Сонымен бірге, АИТВ-инфекциясына міндетті құпиялы медициналық тексеруге жататын саннатты адамдар бар. Бұл қан және оның құрамы, ұлпа және (немесе) мүшелердің (мүше бөліктері), жыныстық клеткалардың донорлары және реципиенттері, АИТВ жұқтыру мүмкіндігіне толыққанды негізі бар тұлғалар, денсаулық сақтау ұйымдарының сұрауларының негізінде, прокуратура, тергеу және сот, сондай ақ клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар.
Тексерудің клиникалық көрсеткіштері дегеніміз не?
Мүмкін АИТВ инфекциясын жұқтырған деген немесе иммун тапшылығы бар деген ойына апаратын, оппортунистік деп аталатын аурулар, сондай ақ синдромдар және симптомдар қатары бар. Бұл аурулар АИТВ инфекциясының диагнозының жоқ немесе бар екенінің, міндетті түрде тексерілудің клиникалық көрсеткіштері болып табылады.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер болып келесі, анықталған территорияда болған, тұрғындардың жеке топтарының арасында және АИТВ-инфекциясының әр жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізгендегі жағдайлар. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойнша тексеруге жататын:
- АИТВ-жұқтырғандармен немесе ЖИТС-пен ауратындармен жыныстық қатынаста болғандар
- инъекциялық есірткіні бірігіп қолданғандармен қатынаста болғандар;
есірткіні инъекциялық қолданғандар наркологиялық қызметке тіркеуге қойған кезде және әр 6 ай сайын;
- орынсыз жыныстық қатынасқа түсетіндер, оның ішінде секс қызметкерлері және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер;
- тергеу изоляторларға түскендер, қабылдағыш-таратқышқа, түзету мекемелеріне түскен кезде, түскеннен кейін 6 айдан соң, сондай ақ босап шығардың алдында. Одан басқа олар мекемеге келген кезеңде еріктері бойынша тексеріле алады;
- АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-н ауратын аналардан туған балалар;
- қызметтік міндеттерін орындау барысында апаттық жағдайлардың кесірінен зардап шеккендер, АИТВ-мен кәсіби қатынаста болғандар немесе осындай қатынастың жоғарғы ықтималдығы (жедел жәрдем, төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері және т.с.с.), сексуалдық зорлыққа тап болғандар - медициналық тексеруге бағытталған сәтте және әрі қарай 1 және 3 айдан кейін өтеді;
- медициналық қызметкерлер, АИТВ-инфицирленген материалдармен жұмыс істейтін қызметке кіріскен сәтте және әрі қарай жылына 1 рет;
- әскери қызметке шақырылушылар, контракт бойынша қызмет атқаратындар, әскери оқу орындарының абитуриенттері;
- жүкті әйелдер, жүктілігін сақтауға шешкен әйелдер міндетті түрде 2 рет тексерілуден өтеді:
1) ә/к тіркеуге тұру кезінде;
2) жүктіліктің 28-30 апта мерзімінде;
- сондай ақ жүктілігін үзуді қалаған әйелдерде АИТВ-ға міндетті түрде тексеріледі;
- босану мекемелеріне түскен АИТВ-на 2 рет тексерілу қорытындысы жоқ жүкті әйелдер немесе 1 рет тексерілген, бірақ босануға 3 аптадан көп уақытта түскендер, перзентханада міндетті түрде тексеріледі.
АИТВ-ға зертханалық диагностика қалай өтеді, талдауға қалай дайындалу керек
АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы.
АИТВ-ға тестілеу - бұл адамның қанында АИТВ-ға антиденелердің бар болуын зертханалық әдіс арқылы зерттеу. Күрделі талдаулардың көмегімен АИТВ-ң өзі анықталмайды, оған деген жиынтық антиденелер - вирустың кіруінің куәгерлері. Ағзада АИТВ-ға антидене анықтау көлемінде бірден өндірілмейді, вирустың енуінен кейін біраз уақыт өткен соң пайда болады. Антиденелерді табу негізіндегі АИТВ-ға тест, инфекцияның берілуінен кейін 2-3 аптада оң нәтижелі болады, сирек жағдайда ғана бұл кезең 6 айға созылады, орташа 3 ай. Нақты осы кезең уақытында вирустық салмақтың жоғарғы көлемі байқалады, ендеше АИТВ-ң берілуінің жоғары мүмкіндігі бар!
Сондықтан уақытты созбау өте маңызды, өзіңнің АИТВ-статусыңды білу қорқынышын жеңіп шығу.
Бұл үшін тек Сіздің тестілеуден өту шешіміңіз қажет.
Қанның зерттелуі ЖИТС орталығының зертханасында иммун-ферментті талдау әдісімен жүргізіледі (ИФТ). Қанды алу процедурасы ауыртпалықсыз және қауіпсіз.
Қанды алу шынтақ тамырынан арнайы стерилденген вакутейнермен 5мл көлемінде, процедуралық кабинет шартында іске асады.
Қанды таңертең аш қарынға және тамақ ішкеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында тапсыруға болады.
Тексерілудің қорытындысы тексерілген адамға жеке тестілеуден кейінгі психоәлеуметтік кеңес барысында хабарланады. Телефон арқылы талдау қорытындылары берілмейді.
Тексеру барысында АИТВ-ны жұқтыруға болама
Өкінішке орай, талдауды тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтыру қорқынышы, кей адамдарға өзінің АИТВ-статусын білуге кедергі қоятын тағы бір себеп болып табылады. Көбінде бұл білмегендікпен байланысты.
Медициналық ұйымдарда талдауға қан жинау үшін тек бірреттік құралдар қолданылады. Жоғарыда айтылған, арнайы бірретік стерилденген вакутейнерлер, жабық жүйелі және толықтай қауіпсіз. Қан тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтырып алу мүмкін емес.
Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіздерді тестілеу
Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз тұлғаларды АИТВ инфекциясының бар болуына куәландыру олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімдерімен жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекцияның болуына тексеру нәтижелері олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
Талдаудың қорытындыларының түсіндірулері
Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылмаса, онда, тест қорытындысы – теріс, яғни адам жұқтырмаған, дені сау. Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылса, онда, тест қорытындысы – оң, яғни адамда АИТВ-инфекциясы бар.
АИТВ-ға антидененің бар болу қорытындысы, АИТВ-ны жұқтырғанына сәйкес, қайта қадағалау үшін жіберілген талдауды, тек Республикалық ЖИТС орталығы зертханасы (Алматы қаласы) береді. Оң қорытынды болған жағдайда білікті медициналық көмек үшін бірден ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционистіне жүгіну керек. ЖИТС орталығы дәрігері тексерілушіге АИТВ-инфекциясының оң қорытындысы туралы жазба түрінде хабарлап, өз денсаулығын қорғауды және маңайындағылардың денсаулығын қорғауға бағытталған, сақтану шараларын сақтау қажеттіліктерін, сондай ақ әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершіліктен, емделуден жалтару және басқа адамдарға жұқтыру туралы ескертеді. Оны диспансерлеу және емдеудің қажеттілігі сұрақтары шешіледі.
Зерттеу қорытындысының тағы бір варианты, сирек кездесетін- күмәнді. Бұл екі жағдайда болуы мүмкін: адам АИТВ-ны жақында жұқтырса және қарапайым тест-системалармен антидене концентрациясын анықтау үшін жеткіліксіз, немесе АИТВ жоқ болған кезде, бірақ алмасу немесе аутоиммунды сипатты - басқа созылмалы аурулар бар. Күмәнді тексеру қорытындысы болған кезде 1-3 айда қайталайды.
Құпиялықты сақтау және жасырын тестілеу
Азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактілерінің құпиялығы және жасырынды тестілеуі 18.09.2009ж. №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі 95 бабы 1 тармағына "Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды» сәйкес кепілдендіріледі. Осы Кодекстың 182 бабы 6 тармақшасына сәйкес медицина қызметкерлері дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
Экспресс-тестілеу
Қазіргі уақытта экспресс-тестілеу немесе АИТВ-ға антидене бар жоқтығын жылдам анықтайтын әдіс бар. Аталған тестілеуде саусақтың терісін арнайы ине-тұтқамен ауыртпай теседі. Капиллярлық қан тамшысы тест-жолаққа ағызылады, 20 минут ішінде қорытындыны көрсетеді. Бірақ айта кететіні, экспресс тестіледің қорытындылары міндетті түрде ИФТ әдісі арқылы расталуы қажет.
Анықтама-сертификаттың берілуі
Кейбір мемлекеттер кіруге/визаға рұқсат алуға немесе басқа мақсатта, АИТВ-ның жоқ екенін растайтын сертификат талап етеді. Азаматтарға АИТВ–ның антиденелерге тексерілу қорытындысының терістігін растайтын анықтама-сертификаттың берілуі, жергілікті ЖИТС-н алдын алу және күресу орталықтарында жеке бас құжатын көрсеткен кезде 3 жұмыс күні ішінде тексерілушінің биоматериалдары зертханаға түскен сәттен бастап жүзеге асады. Анықтама-сертификат берілген сәттен 3 ай мерзімінде жарамды.
АИТВ-ға тестілеуді қайда өтуге болады
АИТВ-инфекциясына тестілеуді ЖИТС орталығында мына мекенжайда өтуге болады: Есенберлин көшесі, 5/1, 9.00 дан 18.00 сағатқа дейін (үзіліс 13.00-14.00, демалыс: сенбі, жексенбі) немесе кезкелген қаладағы басқа медициналық мекемеде.
АИТВ-инфекциясына тексерілушілердің медициналық ұйымдарда қан алу, тексерілушілердің клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іске асады, әріқарай биоматериал сынамасы ЖИТС орталығына жеткізіледі.
ЖИТС орталығында қан алу, АИТВ жұқтыруға шалдығу қауіпі бар, АИТВ-жұқтырғандардың және ЖИТС-пен ауратындар жыныстық серіктестері, есірткіні инъекциялық бірігіп қолданатын серіктестер, анықтама-сертификаттың бар екені талап етілетін тұлғаларға жүзеге асады.
Алдын алу
АИТВ-ның таралуын ескерту жөніндегі негізгі іс-шаралар АИТВ жұқтыру мәселесінде тұрғындарды қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету болып табылады. Белгілі бір ерекше мінез-құлықты немесе өмір салтымен ерекшеленетін кейбір тұрғындар тобы АИТВ жұқпасын анағұрлым жоғары қауіпті жұқтыруға тап болуы мүмкін.
АИТВ жұқпасынан вирустың қасиетін, оның берілуі мен алдын алу шараларын біле отырып, өзіңді қорғауға болады.
Вирус сыртқы ортаның белсенді факторларының әсеріне аз тұрақты, мысалы 56°С температурада жарты сағат,100°С-та 1-2 сағат ішінде белсенділігі жойылады.
Сонымен қатар АИТВ мұздатылған жағдайда бірнеше жыл сақтала береді. Инелер мен шприцтердегі кеуіп қалған қан, сондай-ақ наркотикалық дәрі-дәрімектердің ерітіндісінде өзінің белсенділігін 3 аптаға дейін және (бөлме температурасында) одан көп сақтауы мүмкін, тіпті айға дейін cозылуы мүмкін оқиғалар қатары бар, оның таралуы есірткіні инемен тұтынушылар арасында таралуына себепші болған маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бар болған жағдайда, АИТВ жұқпасының берілу қауіпі жыныстық байланыс кезінде 2-5 есеге артады. Ашық жарасы бар (мысалы, ұшық) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болған кезде, тіпті қауіпті.
Егер қанмен, ұрық сұйықтығымен, жатыр секретімен байланыс болмаса, АИТВ жұқпасының болу мүмкіндігі жоқ.
АИТВ жұқпасының бірнеше берілу жолдары бар:
- қорғалмаған жыныстық қатынас (презервативсіз);
- шприц, ине және басқа да егу құралдарын бірлесіп немесе қайтара қолдану, татуировка және пирсингке арналған залалсыздандырылмаған құрал-жабдықтарды пайдалану, бөтен адамның қырыну құралдарын пайдаланғанда, қанның қалдығы қалған тіс щеткасын пайдаланған кезде;
- АИТВ жұқтырған ана жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде балаға жұқтыру.
АИТВ мына жағдайларда берілмейді:
- жәндік шаққанда;
- құшақтасып, қол алысқанда;
- монша, ванна, бассейн, әжетхананы бірлесіп қолданғанда;
- төсек-орын, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттарды бірлесіп қолданғанда;
- түшкіргенде және жөтелгенде;
- достастық сүйісулерде;
- қауіпсіз жыныстық қатынаста.
АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу
Кепілденген сапалы презервативтер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ-дан қорғану үшін қазіргі уақытта бірден бір қол жетімді өнім болып отыр.
Жыныстық байланыс кезінде үнемі презерватив пайдалану қазіргі уақытта гомосексуальды, сонымен гетеросексуальды байланыс кезінде де жұқтырудан сақтайтын ең сенімді тәсіл болып табылады.
Анальды жыныстық қатынас кезінде, жыртылу қауіпі жоғары болатын, презерватив көбіне механикалық әсерге түсу барысында, неғұрлым төзімді (көбінесе арнайы белгісі болады) презервативтер және майлағыш заттарды (любрикант) пайдалану ұсынылады.
АИТВ-ны жұқтыру қауіпін парентеральды жолмен (қан арқылы) азайтуға болады:
- дәріні енгізу кезінде бұрын ешкім қолданбаған шприц және инені қолдана отырып, егер бұл мүмкін болмаса, ешкім қолданбаған «дербес» тек қана өзіңнің шприцің мен инеңді пайдалану арқылы;
- басқа адамның қаны араласпаған жағдайда дайындалған дәрінің ерітіндісін енгізу үшін пайдалану арқылы;
- өзіңнің жеке шприціңді бір ыдыста басқа адам қолданған шприцпен бірге жумай, дәрі ерітіндісін енгізу алдында тікелей қайнату арқылы;
Жыныстық органдардың талаурау ауруларының алдын алу және емдеу
Жыныстық жолмен берілетін және де басқа жыныстық талаурау ауруларын жұқтырудың алдын алу, АИТВ-ның берілу қауіпін арттыратын жыныстық органдардағы талаурау процестерінің санын төмендетуге әкеледі.
ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу АИТВ жұқпасының алдын алуға: серіктестердің санын азайту және презерватив қолдануға бағытталған білім беру әдістері арқылы жүргізіледі.
Инфекция көзіне бағытталған індетке қарсы іс-шара ретінде көптеген жыныстық инфекцияларда жұқтырылған адамды санацияға әкелетін этиотроптық емдеу тиімді.
Жыныстық инфекцияларды жүйелі түрде емдеу, талаурау процестерінің жиілігі мен қарқындылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ АИТВ-ның берілу қауіптілігін әлеуетті азайтады.
АИТВ туралы
АИТВ-ның берілуі мен сақтану жолдары туралы жеткілікті ақпаратқа қарамастан, өкінішке орай АИТВ індетінің қарқыны басылар емес. АИТВ-ның алдын алу принциптерін ұғыну қиын емес. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс өмір сүрмейді, тұрмыстық қарым-қатынаста берілмейді, және әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар.
Сонымен, АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ адамның ағзасына түскен кезде, бізді аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие.
Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет. Ағзаның қалған сұйықтығындағы (сілекей, көз жасы, тер, зәр, нәжіс және т.б.) вирус жұқтыруға жеткіліксіз.
Адамның иммун тапшылығының вирусы 1983 жылы ЖИТС этиология зерттеулерінің нәтижесінде ашылды. 1981 жылы жарияланған ЖИТС туралы алғашқы ресми хабарламалар гомосексуал еркектердегі пневмоцисттік пневмония және Капоши саркомасы дамудың ерекше оқиғалары туралы екі мақаласы болған.
1982 жылы шідеде алғаш рет жаңа ауруды белгілеу үшін СПИД термині ұсынылды. Осы жылдың қыркүйегінде оппортунистикалық инфекциялар қатары негізінде диагностикадан өткен гомосексуал еркектерге, есірткі тұтынушыларға, А гемофилиямен ауыратындарға ЖИТС алғаш рет толық қанды ауру ретінде анықталды. 1981-1984 аралығында анальды жыныстық қатынас немесе есірткінің ықпалымен ЖИТС-тың дамуының қауіптілігіне байланысты бірнеше жұмыс жарық көрді.
Сонымен қатар ЖИТС-тың ықтимал инфекциялық табиғаты туралы гипетозамен жұмыстар жүргізілді. 1983 жылы АИТВ-ны екі зертханада: Люка Монтаньенің жетекшілігімен Франциядағы Пастер институтында және АҚШ-тағы Ұлттық рак институтында Роберта Галлоның жетекшілігімен дербес ашты. 1938 жылғы 20 мамырдағы зерттеу нәтижелері бойынша алғаш рет жаңа ретровирусты бөліп көрсетудің жолы түсті. Зерттеушілер олардың бөліп көрсеткен вирустары ЖИТС тудыруы мүмкін деген ұйғарым жасады. 1986 жылы яғни 1983 жылы француз және америка зерттеушілері ашқан вирустар генетикалық жағынан ұқсас екендігін тапты. Вирустардың алғашқы атауы қысқартылды және ВИЧ деген жалпы атау ұсынылды.
2008 жылы Люк Монтанье және Франсуаза Барре-Синусси физиология және «адамның иммун тапшылығының вирусын ашқаны үшін» медицина саласында Нобель премиясына лайық деп танылды.
АИТВ алдымен иммундық жүйенің клеткаларын (CD4+ Т-лимфоциттер, макрофагия және дендриттік клеткалар), сондай-ақ клеткалардың кейбір түрлерін жұқтырады. Вирус клеткаға ене отырып, белсенді түрде көбейеді. Бұл соңында жұқтырылған клеткалардың бұзылуына және жойылуына әкеп соғады. АИТВ-ның болуы уақыт өте келе иммуноқұзіретті клеткаларды іріктеп жоюы және олардың субпопуляциясы басуының салдарынан иммундық жүйенің бұзылуына әкеледі.
Клеткадан шыққан вирустар жаңадан еніп, цикл қайталана береді. Ақырындап CD4+ лимфоциттердің саны соншалықты азайып, ағза дұрыс қызмет істеп тұрған иммундық жүйесі бар дені сау адам үшін қауіпсіз немес онша қауіпсіз оппортунистикалық инфекциялардың қоздырғыштарына қарсы тұра алмайды.
ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, аурудың соңғы, терминальды сатысы. АИТВ адам ағзасындағы оппортунистикалық аурулар дами бастағанда иммундық жүйені белгілі бір жағдайға дейін әлсіретуі мүмкін. ЖИТС диагнозы әдетте CD4+ лимфоциттердің бұзылу салдарынан иммундық жүйенің үдемелі әлсіруіне әкелетін, адамда бір немесе бірнеше өте қауіпті аурулар дамығанда, АИТВ жұқтырғанан кейін бірнеше жыл өткен соң қойылады. Қазіргі таңда бар ретровирусқа қарсы терапия вирустың белсенділігін және иммундық жүйеге тигізетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша АИТВ жұқпасының ЖИТС стадиясына өтуіне және дамуына кедергі келтіреді.
Ақылы қызметтер
Ақылы қызметтер
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ақылы қызметтер мынадай жағдайларда көрсетіледі:
• пациенттердің бастамасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмекті, диагностикалық және емдік қызметтерді, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз көрсетіледі;
• дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
• жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін азаматтарға медициналық тексеру жүргізу;
• ұйыммен, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету.
№ |
Қызмет атауы |
Өлшем бірлігі |
Бағасы (теңге) |
В, С вирустық гепатиттерін зертханалық диагностикалау (скрининг) | |||
1 | В гепатитінің беткі антигеніне (НВsAg) ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1100 тг |
2 | С гепатитінің антиденесіне (anti-HCV) ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1400 тг |
В вирустық гепатитті кеңейтілген диагностикалау | |||
3 | В вирустық гепатиттің (a-HВcor IgМ) өзекті антигеніне М класының антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1360 тг |
4 | В вирустық гепатиттің өзекті антигеніне жиынтықтық антиденесіне (а-НВсог total) ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1360 тг |
5 | В вирустық гепатиттің НBе-антигеніне (HBeAg) ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1360 тг |
6 | В вирустық гепатиттің(a-Hbe lgG) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1450 тг |
7 | В вирустық гепатиттің НВsAg(a-HBs) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1570 тг |
8 | D вирустық гепатиттің (a-HDV total) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды зерттеу | 1 зерттеу | 1460 тг |
Мерездің зертханалық диагностикасы | |||
9 | ИФТ әдісімен мерезге жиынтық антиденелерді анықтау | 1 зерттеу | 1060 тг |
АИТВ емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері** |
|||
10 | Нақты уақыт тәртібіндегі (вирустық жүктеме) ПТР әдісімен плазмадағы АИТВ1 вирустық көшірмелерді сандық анықтау (вирустық жүктеме) | 1 зерттеу | 50200 тг |
11 | Ағынды цитометрия әдісімен плазмадағы Т-лимфоциттердің СД4 жасушаларын есептеу | 1 зерттеу | 9760 тг |
12 | Ағынды цитометрия әдісімен Т-лимфоциттердің (%CD4) абсолюттік және пайыздық құрамын анықтау | 1 зерттеу | 860 тг |
13 | Резидент еместерге психо-әлеуметтік кеңес беру (10 мин) | 1 қызмет | 510 тг |
Медициналық манипуляциялар |
|||
14 | Қан алу | 1 қызмет | 540 тг |
Талдауға дайындау
• Пациентті қанды талдауға тапсыруға дайындау
• Тапсыру уақыты: қан алу кестесіне сәйкес жұқпалы ауруларға (АИТВ, гепатиттер, мерез)
• Иммундық мәртебеге, биохимияға, қанның клиникалық талдауы - таңертең, 8-ден 10-ға дейін. Таңертең аш қарынға, басқа уақытта соңғы ас қабылдау мен қан алу арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс, холестерин – 12 сағаттық ашығу.
• Талдауды тапсыру күні эмоционалды тыныштық қажет
• Тексеруге дейін кемінде 3 күн бұрын ауыр дене күшін түсірмеген абзал (оның ішінде спорттық жаттығулар)
• Жолдамаға жазу үшін қан тапсыру кезінде қандай да болмасын дәрілік затты қабылдағандығы туралы хабарлау қажет
• Алкогольдік ішімдіктерді – кем дегенде 2 күн бұрын ішпеген жөн
• Шылым шегу – зерттеуге дейін ең болмағанда 1 сағат ішінде темекі шекпеген жөн
• Қанды талдауға дәрілік заттарды қабылдағанға дейін (мысалы, антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар) немесе олардың күші жойылғаннан кейін 10-14 күннен соң тапсырады
• Физиотерапевтік процедуралар, аспаптық зерттеу және басқа да медициналық процедуралардан кейін қан тапсыруға болмайды
• Зертханалық көрсеткіштерді бақылау кезінде бірдей жағдайларда қайталама зерттеулер жүргізу ұсынылады: бір зертханада, тәуліктің бір уақытында, бірдей дене қалпында жатып тапсыру қажет
Тексеру үшін тамырдан қан алу
Қан алуға арналған жабық жүйелер мен тығыздама-вакутейнерлер
Қан сынамасы
Зәр-жыныс жолынан жұғынды/қырынды алу үшін пациенттерді дайындау
• Талдау алдында 1-2 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеу.
• Әйел адамдар талдау алдында 7 күн бойында тампондарды, шариктерді, майларды, қынаптық - емдеу, сондай-ақ жүктілікке қарсы (қынаптық) таблеткаларды қолданудан бас тартуы қажет.
• Еттеккір циклі кезеңінде тексеруден өтуге болмайды.
• Талдауды антибиотиктерді және есірткелік препараттарды қабылдау кезеңінде тапсыруға болмайды (үзіліс кемінде 14 күнді құрауы тиіс).
• Кольпоскопиялық тексеруді жүргізгеннен кейін тексеруден өтуге болмайды.
• Жұғында алғанға дейін таңертең жуынуға және шашыратып себілуге (спринцевание) болмайды.
• Жоғарыда аталған нұсқамаларды толықтай орындаған жағдайда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Біз сіздің сеніміңізді және өз беделімізді бағалаймыз!
Мемлекеттік қызметті көрсету
Мемлекеттік қызметті алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар және Астана қаласы АИТВ-инфекциясынң алдын алу орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1)көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
2)құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификат. Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды болады.
Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.
Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді.
Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының өзінің қолына жазбаша хабарлама түрінде беріледі.
Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға жеке тұлғаларға (Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ) тегін көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде – жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік).
АИТВ инфекциясының бар-жоғына жасырын түрде медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға дербес код беріледі.