2022 жылғы 29 қарашада Астана қаласының Орталық базарында «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» дәрігерлері Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында базар қызметкерлері мен елорда тұрғындары үшін акция өткізді.
2022 жылғы 28 қарашада елордалық «Керуен» СОО келушілеріне арналған экспресс-тестілеу бойынша акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.
2022 жылдың 28 қарашасында «Астана» республикалық радиосының «Тан тамаша» хабарында «Теңдік уақыты!» ұранымен өтетін ЖИТС-пен бүкіләлемдік күрес науқаны шеңберінде ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы тікелей эфирде сөйледі.
2022 жылғы 25 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Теңдік уақыты!» атты кең ауқымды акциясы өтті.