23.11.-24.11.2022 жылы "№ 1 Көпбейінді аурухана" ШЖҚ МКК базасында медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.
2022 жылғы 23 қарашада елордалық «Астана теміржол вокзалы» жолаушылары мен келушілеріне арналған жедел тестілеу акциясы өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС күніне қарсы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.
2022 жылғы 23 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Хан Шатыр» СОСО-да АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың барлық нормаларын сақтай отырып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу бойынша акция өткізді. Бұл акция Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған.