№5 қалалық емханада ашық есік күні өтті
2021 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсанында ЖИТС орталығы мен «Шуақ» жастар денсаулық орталығы бірлесіп, №5 қалалық емханада «АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу» тақырыбында Ашық есік күнін өткізді.
гп55555555

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған #УслышатьКаждого #ӘрбірінТүсіну #toHearEveryonee челленджін Нұр-Сұлтан қ. №7 қалалық емханасының дәрігері Құдайберген Төлеген Қасымбекұлы жалғастыруда

Видео көру

Нұр-Сұлтан қаласында «АИТВ: әрбірін түсіну» Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен колледж, ЖОО студенттері мен тұрғындарға арналған іс-шараларда (акциялар, форум, дебаттар және т.б.) #УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone хештегі белгіленген естелік кәдесыйлар: маскалар, футболкалар, толстовкалар, кружкалар, қаламдар таратылды.

           Осылайша, АИТВ-ға кеңес беру және тестілеу қызметтерімен қоса пайдалы кәдесыйлар да таратылды.

pp1

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін қайырымдылық акциясын өткізді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мүдделерін қорғау және әлеуметтік қолдау мақсатында ЖИТС орталығы жыл сайын қайырымдылық акцияларын өткізеді.

Акция барысында 20 отбасы АӨСА кең ассортиментті азық-түлік жиынтықтарын алды. Айта кету керек, бұл акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетін игі дәстүрге айналды.

продукты