28 ақпан 2024 жылы Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» конференц- залында педиатрлар және жалпы тәжірибелік дәрігерлер үшін «АИТВ-инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы. Клиникалық көрсеткіштер бойынша 14 жасқа дейінгі балаларды АИТВ-ға тексеру. АИТВ-позитивті аналардан туылған балаларда диагностика алгоритмі және тамақтануы, бақылауы және тексерілуі» атты семинар өтті.
Астана қаласының №26 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына АИТВ орталығының эпидемиолог көмекшісі Нургалиева С.Т. «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Семинар барысында Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және профилактикалық шаралары туралы айтты.Оқушыларға ақпараттық-танымалдық материалдар таратылды.
2024 жылдың 27 ақпанында Астана қаласы АИТВ орталығында АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылды.
2024 жылдың ақпан айында АИТВ орталығының маманы «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының «Галмарт» супермаркетінің, «Әлем» сауда үйінің, «Астаналық» базарының, «Капитал» БО «Ren Company» ЖШС қызметкерлеріне дәріс өткізді.










