2025 жылғы 11 қараша күні №21 мектепте 9–11 сынып оқушыларына жастар арасында АИТВ инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізілді.
10.11.2025 ж. АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р. «INTERTEACH» Жаңұялық дәрігерлік емханасында медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Семинарда қызметкерлер Астана қаласындағы 2025 жылдың 9 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырылды..
Астана қаласыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп «Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық ассоциация» қоғамдық қауымдастығы ұйымдастырған семинар-тренинг өтті.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар аясында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.А. Идрисова «Жас талап» Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Spectrum International School мектебінің жоғары сынып оқушыларына ақпараттық-білім беру дәрісін өткізді. Дәрістің тақырыбы АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу болды.










