АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі У. Сәулебаев «Human Health Institute» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының АИТВинфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтары мамандарымен халықтың негізгі топтары арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру кезінде Астана қаласы ҮЕҰ-ның үздік тәжірибелерін зерделеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымымен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні акциясы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының медицина қызметкерлеріне арналған жалпықалалық семинар өткізді. Семинар «АИТВ-мен ауыратын науқастарды басқару. Вирусты гепатит диагностикасы мен емдеудегі пациенттің жүру жолы. Пациенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбына арналды.
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары үшін «Жастар» денсаулық орталығымен бірлесіп «АИТВ-инфекциясы және жастар» тақырыбында дәріс өткізді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының АИТВинфекциясының алдын алу орталығының маманы № 31 гимназияның жоғары сынып оқушыларына дәріс өткізді.











