Астана қаласы АИТВ жұқпасы бойынша 2014 жылғы эпидемиологиялық жағдайы
Астана қаласында 2014 жылдың 12 айында 145 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 16,8%. 2013 жылы 130жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 16,2%. АИТВ жұқпасы 2013ж. және 2014 ж. салыстырғанда 15 оқиғаға өсті.
АИТВ жұқпасымен ауру-сырқау гендерлік құрам бойынша бөлгенде ерлер арасында 56,5пайыз, әйелдер арасында 37,9 пайыз тіркелді. Ер адамдардың арасындағы үлес салмақ әйелдерге қарағанда 60 пайызға жуық құрайды. Жас ерекшелігіне қарай ауру-сырқау 20-29 жас аралығында 41,7 пайыз, 30-39 жас аралығында 33,7 пайыз, 40-49 жас аралығында 13,1пайыз, 50-59 жас аралығында 4,8пайыз оқиға және 60 және одан жоғары жас аралығында 1,7 пайыз тіркелді.
АИТВ жұқпасымен ауру-сырқаудың ең көп үлес салмағы 20-39 жастағы тұлғалардың үлесіне тиеді. Ауру-сырқаушылық 50 жастан асқандар арасында өсуде. Осы жылы жеті оқиға донорлар арасында АИТВ жұқпасы анықталды. Әлеуметтік-кәсіби құрамы бойыншажұмыс істемейтіндер арасында сексен жеті оқиға, жұмыс істейтіндер арасында қырық бір оқиға, қызметшілер арасында жеті оқиға, студенттер арасында бір оқиға және зейнеткерлер арасында бір оқиға тіркелді.Ағымдағы жылы өткен 2013 жылмен салыстырғанда жұмыс істемейтіндердің үлесі 1,7 ретке артқаны байқалды. Жұмыс істейтіндердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 1,3 ретке төмендеді. Балалар арасында ауру-сырқаушылық тіркелген жоқ. ЖИТС орталығында 1997 жылдан бастап диспансерлік есепте 504 науқас тұр.
АИТВ жұқпасының жұғу жолы бойынша жыныстық жолмен тоқсан үш оқиға, көктамыр есірткі тұтынушылар арасында отыз жеті оқиға, анықталмаған жеті оқиға тіркелді. Басқа жұғу жолдарына қарағанда жыныстық жолмен жұғудың үлесі басым болды. Бұның себебі кездейсоқ және қорғанбаған жыныстық қатынастар.
АИТВ жұқпасын мүшеқапсыз жыныстық қатынас кезінде, жыныстық жолмен берілетін жұқпалар туындататын жыныс органдарының қабыну аурулары(мерез, соз, генитальды герпис, трихомониаз және т.б) берілу қауіпі өседі. Бөтен адамдардың шприцтерін пайдалану және АИТВ жұқпасының адамнан зақымданған қан немесе оның құрауыштарын құрағанда, мүшелері мен тіндерін ауыстырғанда, залалсызданбаған медициналық құралдарды әр-түрлі мақсатта қолданғанда жәнеАИТВ жұқпасының анадан аяғы ауыр кезінде, босанғанда және емізгенде нәрестеге жұғады. Бұл індетті алдын алу үшін бір реттік жыныстық серіктеспен шектелу қажет және әр түрлі серіктестермен жыныстық қатынаста мүшеқаппен болу керек. Залалсыздандырылғын медициналық құралдарды бір ретті қолдану қажет, сонымен қатар жүкті әйел емханаға 12 аптаға дейін тіркелу тиіс.
АИТВ-жұқпасының анықтаудың жалғыз әдіс – қанды лабораторияда тексеру, яғни арнайы әдіспен қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы денелер дегеніміз ол организмде қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар.
ЖИТС мен күресорталығында, АИТВ-ға тексеретін анонимді кабинеті бар емханаларда, сенім пунктілерінде АИТВ-ға ТЕГІН (Қазақстан Республикасының азаматы болса) тексерілуге болады.
Нәтижелерді тапсыру уақыты 8.30 және 16.00 күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа). Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша білуге болады: 38-07-02, 38-04-64.
Астана қаласы
«ЖИТС-тың алдын алу және
оған қарсы күрес орталығы»МКҚК
эпидемиологиялық қадағалау
бөлімінің эпидемиолог дәрігері Рамиль Д.Р.