«Сарыарқа» СОСО-ның қызметкерлеріне дәріс өткізілді
2016 жылы 31 наурызда ЖИТС орталығының мамандары Д.Т. Бексұлтанова мен С.Р. Мауленбергенова «Сарыарқа» сауда және ойын сауық орталығының қызметкерлеріне « АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында дәріс өткізді.
«Зеленстрой» АҚ-да семинарлар өткізілді
2016 жылы 17,25,28,30 наурызда және 1 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары Мауленбергенова С.Р. мен Арыстанбекова К.Б Сарыарка, Алматы және Есіл аудандарының Астана «Зеленстрой» АҚ ұйымының басшылары мен жұмысшылары арасында Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы семинарлар өткізді.
ЖИТС орталығы Білім басқармасымен бірлесіп отырыс өткізді
2016 жылы 31 наурызда Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Білім басқармасымен бірлесіп «Білім беру мекемелерінде АИТВ-жұқпасының бастапқы алдын алу жұмыстары» атты мектеп және арнайы-орта оқу орындарының басшылығының қатысуымен отырыс өткізді.
«Астана жылу транзиті» АҚ өндіріс кәсіпорында акция өткізілді
Тұрғындарды ақпараттандыру және АИТВ жұқпасына тестілеу өткізуін кеңейту бойынша іс-шаралар науқанын іске асыру шегінде, 2016 жылы 29 наурызда Астана қаласының ЖИТС орталығының мамандарымен «Астана жылу транзиті» АҚ өндіріс кәсіпорында акция өткізілді.