Астана қаласында «Өмір сүремін, мәңгі есімде» акциясы өтті
2016 жылғы 16 мамырда Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен бірге Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Өмір сүремін, мәңгі есімде» атты акциясын өткізді.
Мехколона 56 ұйымының жұмысшыларына дәріс өткізілді
2016 жылы 12-13 мамырда ЖИТС орталығының мамандары Мехколона 56 ұйымының жұмысшыларына (сауықтыру орталығы, Жібек-Жолы қонақ үйі, «Орман» мейрамханасы, «Blonder bееr» сыраханасы, Ольганың түшпараханасы, тігін цехы, «Пальмира» кафе-бары) Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқпасының берілу жолдары және алдын алу» тақырыбына дәріс өткізді.
Қаланың бизнес құрылымдарындағы дәрістер
2016 жылғы 5 мамырда маман Д.Т.Бексултанова мен С.Р. Мауленбергенова «Астаналық» және «Артем» базарларының кәсіпкерлеріне, сатушыларына, шаш қиюшыларына, маникюр салоны мен «тату» салонының жұмысшыларына «АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс өткізді.
«Алсим Аларка» құрылыс компаниясында өткізілген семинар
2016 жылғы 20 сәуірде ЖИТС орталығының дәрігер - эпидемиологы Д.Т.Бексултанова «Алсим Аларко» ЖШС ұйымының басшыларына, техника қауіпсіздігінің инженерлеріне және құрылыс жұмысшыларына «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» тақырыбында семинар өткізді.