Кәсіпкерлер палатасында ірі және орта бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесу өтті
2016 жылы 4 наурызда ЖИТС орталығының дәрігерлері Д.Т. Бексұлтанова және Г.Е. Қаратаева Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік индексін жоғарылату аясында астаналық Кәсіпкерлер палатасында ірі және орта бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде қатысушылар АИТВ жұқпасының бизнеске әсері жайында талқылады.
Орталық базардың «Лотос» қоғамдық тамақтану орнының жұмысшыларына дәріс өткізілді
2016 жылы 10 ақпанда ЖИТС орталығының мамандарымен орталық базардың «Лотос» қоғамдық тамақтану орнының жұмысшыларына және азық-түлік сатушыларына «АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі сұрақтар. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы»тақырыбына дәрістер өткізілді.