Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында биыл «Біз есімізде ұстаймыз. Біз әрекет жасаймыз, Біз АИТВ-дан жоғарымыз», Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығының бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен, 2022 жылғы 14 мамырда кешке «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараттары қызыл түспен жарықтандырылды.
2022 жылдың 13 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арнап баспасөз конференциясы өтті.
2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының «Студенттер» саябағында Дүниежүзілік ЖИТС-дан құрбандарын еске алу күні аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, қала әкімдігі, «Алматы» ауданының әкімдігі, мәдениет басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен «Біз есте сақтаймыз. Біз әрекет етеміз.Біз АИТВ-дан жоғарымыз» атты кең ауқымды акциясы өтті.