2022 жылдың 19-20 сәуірінде Алматы қаласында ЖИТС, туберкулез және малериямен күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ЖИТС және психикалық денсаулық орталықтарының мамандары мен баспасөз хатшыларының хабардарлығын арттыру бойынша тренинг өтті.
2022 жылғы 30 наурызда ЖИТС орталығы ұжымының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының бас маманы Аңсағанова Әйгерім Аңсағановамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жақында қабылданған «Қазақстан Республикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 02.02.2022 жылғы № 802 Жарлығы туралы баяндалды.
2022 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы АМСК ұйымдарының акушер-гинекологтары мен жалпы практика дәрігерлері үшін «АИТВ инфекциясы бар жүкті әйелдерге кеңес беру ерекшеліктері.
2022 жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК базасында АМСК басшыларының орынбасарлары, медициналық ұйымдардың АИТВ-инфекциясына жауапты мамандары мен эпидемиологтарына, медициналық ұйымдарда АИТВ-ға қан сынамаларын алу ережелерін сақтау мәселелері жөнінде семинар өткізілді. Семинар барысында ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 қаңтардағы №ҚР ДСМ-6 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен таныстырылды.