2022 жылғы 18-19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Мықты отбасы - есірткіден алшақ» акциясына қатысып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізді.
2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ДДСҰ материалдарын пайдала отырып, медициналық қызметкерлермен маймыл шешегі вирусынан туындаған инфекцияның эпидемиологиясы, клиникасы және диагностикасы бойынша семинар сабағы өткізілді.
04.06.2022 жылы, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында, Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында салтанатты түрде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Одан кейін ұжым жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» тақырыбында баяндама тыңдалды. Баяндамада барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметпен қарау, ұжым арасында патриоттық рух туралы айтылды.