2025 жылдың 28 шілдесінде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Г. Сакупова, Health and Science Center «М1» ЖШС медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинарға қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды(ҚРТ) саласындағы медицина қызметкерлері қатысты.
Астана қаласында 2025 жылы 25 шілде күні медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының диагностикасында преаналитикалық кезеңінің сапасын күшейту мақсатында, қан алудың және экспресс-тестілеу жүргізу ережелері туралы семинар өтті.
АИТВ-ға қарсы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ алдын-алу және халықтың негізгі топтарының(ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру мақсатында АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығы директорының орынбасары С.Б.Мусинаның және профилактика бөлімінің өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.
2025 жылғы 23 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да АИТВ инфекциясының алдын алу қалалық орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құлтанова мен эпидемиолог-дәрігер Айжан Жайлаубаева АИТВ инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.











