Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – ЖИТС-тен зардап шеккен адамдарды еске алу, қоғамды АИТВ-ның таралу жолдары, инфекциядан қорғану әдістері, жұқтыру кауіпі факторлары және дер кезінде диагностикалау туралы ақпараттандыру.
2024 жылғы 16 мамырда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу Халықаралық күні аясында бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз конференциясы өтті. Бұл іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар және қаланың медициналық ұйымдары жанындағы Жастар денсаулық орталықтарының үйлестірушілері қатысты.
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында 2024 жылдың 15 мамырында Менеджмент, бизнес және білім колледж базасында студенттерге арналған «Дені сау отбасы – салауатты ұлт» тақырыбында семинар өтті, онда жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері қарастырылды.
2024 жылғы 14-15 мамырда, Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында, Астана қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №№3,64 мекемелерінде жеке құрам арасында «АИТВ-инфекцияның пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбына байланысты семинар өткізілді.