2024 жылғы 25 қыркүйекте Қалалық фтизиопульмонология орталығының бастамасымен «Астана қаласында Туберкулез Тоқта серіктестігін дамыту аясында АИТВ мен туберкулезге қарсы қызметтің өзара іс-қимыл моделін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семинарға АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К. Асқаров, Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры  А.Б. Цепке, №1, №8 қалалық емханалар  «Достық» АМСКО, сондай-ақ «Жизнь вопреки» ҚҚ және «Санат әлемі» ҮЕҰ қатысты.    WhatsApp Image 2024 09 26 at 15.15.49 1

    «Мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастыра отырып, біз АИТВ-инфекциясымен қорқытуға тырыспаймыз, бірақ бұл аурудың не екенін, оның адам ағзасына қандай зардаптар әкелетінін және инфекциядан қалай сақтануға болатынын егжей – тегжейлі түсіндіреміз» - деп  АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиолог Бекетова Ж.Қ. айтуда.                                                         WhatsApp Image 2024 09 25 at 12.57.55 1

Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Қазжол қонақ үйі», «Ферғана» мейрамханасы, «Астана Тазалық» ЖШС, «Астаналық» СҮ, «Еуразия» СҮ басшылары мен қызметкерлері үшін «Еңбек саласындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізуді жалғастыруда.WhatsApp Image 2024 09 24 at 16.47.11 2

  АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары мектептерің жоғары сынып оқушыларына «АИТВ - инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізуді жалғастыруда. № 3 және 91 мектеп-гимназияларында 502 оқушыны қамтумен дәрістер өткізілді.

WhatsApp Image 2024 09 24 at 15.50.32 1