ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары жастар мен халықтың негізгі топтары арасында АИТВ диагностикасы мен алдын алу мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік көмек аясында Астана қаласы әкімдігінің № 6 қалалық емханасы жанынан ашылған «Жас талап» ЖДО-на арнайы келді.
Астана қаласының Astana IT University студенттері АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді.
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары мен оны қорғау тәсілдері туралы дәріс оқыды.
30.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «№ 4 қалалық емхана» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Семинарда Астана қаласындағы 2025 жылдың 8 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы таныстырылды.
"Шалқар" республикалық радиосында "Жан дауа" айдарының кезекті шығарылымы АИТВ-инфекциясы мәселелеріне арналды. Тікелей эфирде Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Э.Қ. Утелова сөз сөйледі.











