IMG 20190926 WA0003

2019 жылдың 26 қыркүйекте «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «Ұлжан» базарында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары, Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы басқармасы және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп базар қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.

IMG 3726

2019 жылдың 17-20 қыркүйегінде ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сұңқар», «Жібек жолы» сауда үйлерінің, «Small» супермаркеті және «Болашақ» Бизнес орталығының әкімшілігі мен жұмысшыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс оқыды. 

Бакыт

2019 жылдың 04 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығының мамандары «№3 Перинаталдық орталықта» АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша семинар өткізді. Медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, қолданыстағы нормативтік құжаттардың негізгі ережелері, сондай-ақ апаттық жағдайлар туындаған кездегі медицина қызметкерінің тактикасы, АИТВ жұқтыру қаупімен байланысты байланыстар,  байланыстан кейінгі алдын алу ұсынылды.

IMG 1712

16-18.09.2019 жылы ЖИТС орталығының мамандары "Рахат" монша кешенінің, "TIMEX GROUP" ЖШС, "Астана Маркет-радио" ЖШС, "ESP CENTER" ЖШС, "ҚР радиостанциясы"ЖШС қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді.