IMG E2030

2019 жылдың 11 шілдесінде Нұр-Султан қаласының Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті мамандарымен бірлесіп, шағын және орта бизнес басшыларына арналған «Бизнес құрылымдарында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК базасында 2019 жылдың 28 маусымында медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына және АИТВ-ның алдын алу мен нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелері бойынша АИТВ-инфекциясы мәселелеріне жауапты мамандарға арналған семинар өтті. Семинарда Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидалары» ҚР ДСМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі №246 бұйрығының негізгі талаптары бойынша 2019 жылдың 4 мамырындағы өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды. Семинар барысында апаттық жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерінің тактикасы, АИТВ жұқтыру қаупіне байланысты қатынас, қатынастан кейінгі алдын алу мәселелері талқыланды.

a7716915 082a 40ac 91e4 774893432e09

2019 жылғы 26 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Берік отбасы – есірткіден қашық!» ұстанымымен ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді.

велотрек

2019 жылдың 26 маусымында ЖИТС орталығының мамандары Есіл ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының қатысуымен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері үшін «Болашаққа қадам» тақырыбында акция өткізді.