15.02.2021 ж. АИТВ-ға экспресс-тестілеудің сапасын бағалауды енгізу аясында «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚК профилактика бөлім меңгерушісі А.М. Мухамедиев, зертхана меңгерушісі Л.С. Нұғманова «Шаг в будущее» ҮЕҰ қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлеріне арналған семинар-тренингін өткізді, АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу, АИТВ-ға экспресс-тестілеуді (атап айтқанда OraQuick экспресс-тестін) бағалау және оның сапасын бақылау мәселелері баяндалды.
2021 жылдың 11 ақпанында ЖИТС орталығында 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға қойылған басым мақсаттарды анықтау бойынша Медициналық кеңес өтті.
2021 жылдың 08 - 09 ақпан аралығында ЖИТС орталығының маманы «Астана Теплотранзит» АҚ, «К-ДорСтрой» АҚ, «Мехколонна 56» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлеріне дәрістер өткізді.
2021 жылғы 03-05 ақпан аралығында ЖИТС орталығының мамандары «№1 және №5 автобус парктері» АҚ, «Астана Су Арнасы» АҚ кәсіпорындарының қызметкерлеріне дәрістер өткізді.