10.04.2019 ж. АИТВ-ның вертикалды берілу жолын элиминациялау, экспресс-тестілеу сапасын бағалау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ЖИТС орталығының қызметкерлері №3 перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлерімен семинар – тренинг өткізді.
05.04.2019 ж. Нұр-сұлтан қаласы «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК қызметкерлері, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Г.С.Нургожина, зертхана меңгерушісі Л.С.Нугманова, зертханашы А.С.Сабитовамен Нұр–сұлтан қаласының №2 қалалық көпсалалы аурухананың медицина қызметкерлерімен семинар-тренинг өткізді.
2019 жылғы 04-05 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығының мамандары 2019 жылы «Баршаға денсаулық» ұранымен өтетін Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Дені сау болу–сәнді!» Ұлттық бағдарламасы аясында (07 сәуір) сауықтыру акциясын ұйымдастырды, ол таңғы жаттықтыру және флешмоб түрінде өтті.
28.03.2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы мамандары АИТВ-ға жедел тестілеу сапасын бағалауды енгізу шеңберінде ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасының қызметкерлеріне семинар өткізді.