Бұл бет құрылуда

 

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Кім және қашан АИТВ-ға тестілеуді өтеді
test1Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар ерікті жасырынды және (немесе) құпиялы тексеруге және АИТВ-инфекциясы сұрақтары бойынша ақысыз түрде кеңес алуға құқылы. 
Сонымен бірге, АИТВ-инфекциясына міндетті құпиялы медициналық тексеруге жататын саннатты адамдар бар. Бұл қан және оның құрамы, ұлпа және (немесе) мүшелердің (мүше бөліктері), жыныстық клеткалардың донорлары және реципиенттері, АИТВ жұқтыру мүмкіндігіне толыққанды негізі бар тұлғалар, денсаулық сақтау ұйымдарының сұрауларының негізінде, прокуратура, тергеу және сот, сондай ақ клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар.

   Тексерудің клиникалық көрсеткіштері дегеніміз не?
   Мүмкін АИТВ инфекциясын жұқтырған деген немесе иммун тапшылығы бар деген ойына апаратын, оппортунистік деп аталатын аурулар, сондай ақ синдромдар және симптомдар қатары бар. Бұл аурулар АИТВ инфекциясының диагнозының жоқ немесе бар екенінің, міндетті түрде тексерілудің клиникалық көрсеткіштері болып табылады. 
   Эпидемиологиялық көрсеткіштер болып келесі, анықталған территорияда болған, тұрғындардың жеке топтарының арасында және АИТВ-инфекциясының әр жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізгендегі жағдайлар. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойнша тексеруге жататын:

  • АИТВ-жұқтырғандармен немесе ЖИТС-пен ауратындармен жыныстық қатынаста болғандар         
  • инъекциялық есірткіні бірігіп қолданғандармен қатынаста болғандар;
  • test2есірткіні инъекциялық қолданғандар наркологиялық қызметке тіркеуге қойған кезде және әр 6 ай сайын;
  • орынсыз жыныстық қатынасқа түсетіндер, оның ішінде секс қызметкерлері және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер;
  • тергеу изоляторларға түскендер, қабылдағыш-таратқышқа, түзету мекемелеріне түскен кезде, түскеннен кейін 6 айдан соң, сондай ақ босап шығардың алдында. Одан басқа олар мекемеге келген кезеңде еріктері бойынша тексеріле алады;
  • АИТВ-жұқтырған және ЖИТС-н ауратын аналардан туған балалар;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында апаттық жағдайлардың кесірінен зардап шеккендер, АИТВ-мен кәсіби қатынаста болғандар немесе осындай қатынастың жоғарғы ықтималдығы (жедел жәрдем, төтенше жағдайлар, полиция қызметкерлері және т.с.с.), сексуалдық зорлыққа тап болғандар - медициналық тексеруге бағытталған сәтте және әрі қарай 1 және 3 айдан кейін өтеді;
  • медициналық қызметкерлер, АИТВ-инфицирленген материалдармен жұмыс істейтін қызметке кіріскен сәтте және әрі қарай жылына 1 рет;
  • әскери қызметке шақырылушылар, контракт бойынша қызмет атқаратындар, әскери оқу орындарының абитуриенттері;
  • жүкті әйелдер, жүктілігін сақтауға шешкен әйелдер міндетті түрде 2 рет тексерілуден өтеді:

   1) ә/к тіркеуге тұру кезінде;
   2) жүктіліктің 28-30 апта мерзімінде;

  • сондай ақ жүктілігін үзуді қалаған әйелдерде АИТВ-ға міндетті түрде тексеріледі;
  • босану мекемелеріне түскен АИТВ-на 2 рет тексерілу қорытындысы жоқ жүкті әйелдер немесе 1 рет тексерілген, бірақ босануға 3 аптадан көп уақытта түскендер, перзентханада міндетті түрде тексеріледі.

АИТВ-ға зертханалық диагностика қалай өтеді, талдауға қалай дайындалу керек

 АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы. 

АИТВ-ға тестілеу - бұл адамның қанында АИТВ-ға антиденелердің бар болуын зертханалық әдіс арқылы зерттеу. Күрделі талдаулардың көмегімен АИТВ-ң өзі анықталмайды, оған деген жиынтық антиденелер - вирустың кіруінің куәгерлері. Ағзада АИТВ-ға антидене анықтау көлемінде бірден өндірілмейді, вирустың енуінен кейін біраз уақыт өткен соң пайда болады. Антиденелерді табу негізіндегі АИТВ-ға тест, инфекцияның берілуінен кейін 2-3 аптада оң нәтижелі болады, сирек жағдайда ғана бұл кезең 6 айға созылады, орташа 3 ай. Нақты осы кезең уақытында вирустық салмақтың жоғарғы көлемі байқалады, ендеше АИТВ-ң берілуінің жоғары мүмкіндігі бар! 
  Сондықтан уақытты созбау өте маңызды, өзіңнің АИТВ-статусыңды білу қорқынышын жеңіп шығу. 
    Бұл үшін тек Сіздің тестілеуден өту шешіміңіз қажет. 
  Қанның зерттелуі ЖИТС орталығының зертханасында иммун-ферментті талдау әдісімен жүргізіледі (ИФТ). Қанды алу процедурасы ауыртпалықсыз және қауіпсіз. 
  Қанды алу шынтақ тамырынан арнайы стерилденген вакутейнермен 5мл көлемінде, процедуралық кабинет шартында іске асады. 
   Қанды таңертең аш қарынға және тамақ ішкеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында тапсыруға болады. 
   Тексерілудің қорытындысы тексерілген адамға жеке тестілеуден кейінгі психоәлеуметтік кеңес барысында хабарланады. Телефон арқылы талдау қорытындылары берілмейді.

Тексеру барысында АИТВ-ны жұқтыруға болама
   Өкінішке орай, талдауды тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтыру қорқынышы, кей адамдарға өзінің АИТВ-статусын білуге кедергі қоятын тағы бір себеп болып табылады. Көбінде бұл білмегендікпен байланысты. 
   Медициналық ұйымдарда талдауға қан жинау үшін тек бірреттік құралдар қолданылады. Жоғарыда айтылған, арнайы бірретік стерилденген вакутейнерлер, жабық жүйелі және толықтай қауіпсіз. Қан тапсыру барысында АИТВ-ны жұқтырып алу мүмкін емес.

Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіздерді тестілеу
   Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз тұлғаларды АИТВ инфекциясының бар болуына куәландыру олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімдерімен жүргізіледі.
   Кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдарда АИТВ-инфекцияның болуына тексеру нәтижелері олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

Талдаудың қорытындыларының түсіндірулері 
   Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылмаса, онда, тест қорытындысы – теріс, яғни адам жұқтырмаған, дені сау. Егер тексерілудің қорытындысында АИТВ-ға антидене табылса, онда, тест қорытындысы – оң, яғни адамда АИТВ-инфекциясы бар. 
   АИТВ-ға антидененің бар болу қорытындысы, АИТВ-ны жұқтырғанына сәйкес, қайта қадағалау үшін жіберілген талдауды, тек Республикалық ЖИТС орталығы зертханасы (Алматы қаласы) береді. Оң қорытынды болған жағдайда білікті медициналық көмек үшін бірден ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционистіне жүгіну керек. ЖИТС орталығы дәрігері тексерілушіге АИТВ-инфекциясының оң қорытындысы туралы жазба түрінде хабарлап, өз денсаулығын қорғауды және маңайындағылардың денсаулығын қорғауға бағытталған, сақтану шараларын сақтау қажеттіліктерін, сондай ақ әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершіліктен, емделуден жалтару және басқа адамдарға жұқтыру туралы ескертеді. Оны диспансерлеу және емдеудің қажеттілігі сұрақтары шешіледі. 
   Зерттеу қорытындысының тағы бір варианты, сирек кездесетін- күмәнді. Бұл екі жағдайда болуы мүмкін: адам АИТВ-ны жақында жұқтырса және қарапайым тест-системалармен антидене концентрациясын анықтау үшін жеткіліксіз, немесе АИТВ жоқ болған кезде, бірақ алмасу немесе аутоиммунды сипатты - басқа созылмалы аурулар бар. Күмәнді тексеру қорытындысы болған кезде 1-3 айда қайталайды.

Құпиялықты сақтау және жасырын тестілеу
   Азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактілерінің құпиялығы және жасырынды тестілеуі 18.09.2009ж. №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі 95 бабы 1 тармағына "Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды» сәйкес кепілдендіріледі. Осы Кодекстың 182 бабы 6 тармақшасына сәйкес медицина қызметкерлері дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті. 
Экспресс-тестілеуtest4
   Қазіргі уақытта экспресс-тестілеу немесе АИТВ-ға антидене бар жоқтығын жылдам анықтайтын әдіс бар. Аталған тестілеуде саусақтың терісін арнайы ине-тұтқамен ауыртпай теседі. Капиллярлық қан тамшысы тест-жолаққа ағызылады, 20 минут ішінде қорытындыны көрсетеді. Бірақ айта кететіні, экспресс тестіледің қорытындылары міндетті түрде ИФТ әдісі арқылы расталуы қажет.

Анықтама-сертификаттың берілуі 
   Кейбір мемлекеттер кіруге/визаға рұқсат алуға немесе басқа мақсатта, АИТВ-ның жоқ екенін растайтын сертификат талап етеді. Азаматтарға АИТВ–ның антиденелерге тексерілу қорытындысының терістігін растайтын анықтама-сертификаттың берілуі, жергілікті ЖИТС-н алдын алу және күресу орталықтарында жеке бас құжатын көрсеткен кезде 3 жұмыс күні ішінде тексерілушінің биоматериалдары зертханаға түскен сәттен бастап жүзеге асады. Анықтама-сертификат берілген сәттен 3 ай мерзімінде жарамды.

АИТВ-ға тестілеуді қайда өтуге болады
   АИТВ-инфекциясына тестілеуді ЖИТС орталығында мына мекенжайда өтуге болады: Есенберлин көшесі, 5/1, 9.00 дан 18.00 сағатқа дейін (үзіліс 13.00-14.00, демалыс: сенбі, жексенбі) немесе кезкелген қаладағы басқа медициналық мекемеде. 
 АИТВ-инфекциясына тексерілушілердің медициналық ұйымдарда қан алу, тексерілушілердің клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іске асады, әріқарай биоматериал сынамасы ЖИТС орталығына жеткізіледі.
   ЖИТС орталығында қан алу, АИТВ жұқтыруға шалдығу қауіпі бар, АИТВ-жұқтырғандардың және ЖИТС-пен ауратындар жыныстық серіктестері, есірткіні инъекциялық бірігіп қолданатын серіктестер, анықтама-сертификаттың бар екені талап етілетін тұлғаларға жүзеге асады.

АИТВ-ның таралуын ескерту жөніндегі негізгі іс-шаралар АИТВ жұқтыру мәселесінде тұрғындарды қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету болып табылады. Белгілі бір ерекше мінез-құлықты немесе өмір салтымен ерекшеленетін кейбір тұрғындар тобы АИТВ жұқпасын анағұрлым жоғары қауіпті жұқтыруға тап болуы мүмкін.
АИТВ жұқпасынан вирустың қасиетін, оның берілуі мен алдын алу шараларын біле отырып, өзіңді қорғауға болады.
Вирус сыртқы ортаның белсенді факторларының әсеріне аз тұрақты, мысалы 56°С температурада жарты сағат,100°С-та 1-2 сағат ішінде белсенділігі жойылады.
Сонымен қатар АИТВ мұздатылған жағдайда бірнеше жыл сақтала береді. Инелер мен шприцтердегі кеуіп қалған қан, сондай-ақ наркотикалық дәрі-дәрімектердің ерітіндісінде өзінің белсенділігін 3 аптаға дейін және (бөлме температурасында) одан көп сақтауы мүмкін, тіпті айға дейін cозылуы мүмкін оқиғалар қатары бар, оның таралуы есірткіні инемен тұтынушылар арасында таралуына себепші болған маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) бар болған жағдайда, АИТВ жұқпасының берілу қауіпі жыныстық байланыс кезінде 2-5 есеге артады. Ашық жарасы бар (мысалы, ұшық) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болған кезде, тіпті қауіпті.
Егер қанмен, ұрық сұйықтығымен, жатыр секретімен байланыс болмаса, АИТВ жұқпасының болу мүмкіндігі жоқ.
АИТВ жұқпасының бірнеше берілу жолдары бар:
- қорғалмаған жыныстық қатынас (презервативсіз);
- шприц, ине және басқа да егу құралдарын бірлесіп немесе қайтара қолдану, татуировка және пирсингке арналған залалсыздандырылмаған құрал-жабдықтарды пайдалану, бөтен адамның қырыну құралдарын пайдаланғанда, қанның қалдығы қалған тіс щеткасын пайдаланған кезде;
- АИТВ жұқтырған ана жүктілік кезінде, босану және емшекпен емізу кезінде балаға жұқтыру.
АИТВ мына жағдайларда берілмейді:
- жәндік шаққанда;
- құшақтасып, қол алысқанда;
- монша, ванна, бассейн, әжетхананы бірлесіп қолданғанда;
- төсек-орын, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттарды бірлесіп қолданғанда;
- түшкіргенде және жөтелгенде;
- достастық сүйісулерде;
- қауіпсіз жыныстық қатынаста.
АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу
Кепілденген сапалы презервативтер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ-дан қорғану үшін қазіргі уақытта бірден бір қол жетімді өнім болып отыр.
Жыныстық байланыс кезінде үнемі презерватив пайдалану қазіргі уақытта гомосексуальды, сонымен гетеросексуальды байланыс кезінде де жұқтырудан сақтайтын ең сенімді тәсіл болып табылады.
Анальды жыныстық қатынас кезінде, жыртылу қауіпі жоғары болатын, презерватив көбіне механикалық әсерге түсу барысында, неғұрлым төзімді (көбінесе арнайы белгісі болады) презервативтер және майлағыш заттарды (любрикант) пайдалану ұсынылады.
АИТВ-ны жұқтыру қауіпін парентеральды жолмен (қан арқылы) азайтуға болады:
- дәріні енгізу кезінде бұрын ешкім қолданбаған шприц және инені қолдана отырып, егер бұл мүмкін болмаса, ешкім қолданбаған «дербес» тек қана өзіңнің шприцің мен инеңді пайдалану арқылы;
- басқа адамның қаны араласпаған жағдайда дайындалған дәрінің ерітіндісін енгізу үшін пайдалану арқылы;
- өзіңнің жеке шприціңді бір ыдыста басқа адам қолданған шприцпен бірге жумай, дәрі ерітіндісін енгізу алдында тікелей қайнату арқылы;
Жыныстық органдардың талаурау ауруларының алдын алу және емдеу
Жыныстық жолмен берілетін және де басқа жыныстық талаурау ауруларын жұқтырудың алдын алу, АИТВ-ның берілу қауіпін арттыратын жыныстық органдардағы талаурау процестерінің санын төмендетуге әкеледі.
ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу АИТВ жұқпасының алдын алуға: серіктестердің санын азайту және презерватив қолдануға бағытталған білім беру әдістері арқылы жүргізіледі.
Инфекция көзіне бағытталған індетке қарсы іс-шара ретінде көптеген жыныстық инфекцияларда жұқтырылған адамды санацияға әкелетін этиотроптық емдеу тиімді.
Жыныстық инфекцияларды жүйелі түрде емдеу, талаурау процестерінің жиілігі мен қарқындылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ АИТВ-ның берілу қауіптілігін әлеуетті азайтады.

 АИТВ-ның берілуі  мен сақтану жолдары  туралы жеткілікті ақпаратқа қарамастан, өкінішке орай АИТВ індетінің қарқыны басылар емес. АИТВ-ның алдын алу принциптерін ұғыну қиын емес. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс өмір сүрмейді, тұрмыстық қарым-қатынаста берілмейді, және әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. 
 Сонымен, АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ адамның ағзасына түскен кезде, бізді аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның    lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие. 
Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет. Ағзаның қалған сұйықтығындағы (сілекей, көз жасы, тер, зәр, нәжіс және т.б.) вирус жұқтыруға жеткіліксіз.  
Адамның иммун тапшылығының вирусы 1983 жылы ЖИТС этиология зерттеулерінің нәтижесінде ашылды. 1981 жылы жарияланған  ЖИТС туралы алғашқы ресми хабарламалар гомосексуал еркектердегі пневмоцисттік пневмония және Капоши саркомасы дамудың ерекше оқиғалары туралы екі мақаласы болған. 
1982 жылы шідеде алғаш рет жаңа ауруды белгілеу үшін СПИД термині ұсынылды. Осы жылдың қыркүйегінде оппортунистикалық инфекциялар қатары негізінде диагностикадан өткен гомосексуал еркектерге, есірткі тұтынушыларға, А гемофилиямен ауыратындарға ЖИТС алғаш рет толық қанды ауру ретінде анықталды. 1981-1984 аралығында анальды жыныстық қатынас немесе есірткінің ықпалымен ЖИТС-тың дамуының  қауіптілігіне байланысты бірнеше жұмыс жарық көрді.  
Сонымен қатар ЖИТС-тың ықтимал  инфекциялық табиғаты туралы гипетозамен жұмыстар жүргізілді. 1983 жылы АИТВ-ны екі зертханада: Люка Монтаньенің  жетекшілігімен  Франциядағы Пастер институтында және АҚШ-тағы Ұлттық рак институтында  Роберта Галлоның жетекшілігімен   дербес ашты. 1938 жылғы 20 мамырдағы зерттеу нәтижелері бойынша алғаш рет жаңа ретровирусты бөліп көрсетудің жолы түсті. Зерттеушілер олардың бөліп көрсеткен вирустары ЖИТС тудыруы мүмкін деген ұйғарым жасады. 1986 жылы яғни 1983 жылы француз және америка зерттеушілері ашқан вирустар генетикалық жағынан ұқсас екендігін тапты.  Вирустардың алғашқы атауы қысқартылды және ВИЧ деген жалпы атау ұсынылды. 
2008 жылы Люк Монтанье  және  Франсуаза Барре-Синусси физиология және «адамның иммун тапшылығының вирусын ашқаны үшін» медицина саласында Нобель премиясына лайық деп танылды.
АИТВ алдымен иммундық жүйенің клеткаларын (CD4+ Т-лимфоциттер, макрофагия және  дендриттік клеткалар), сондай-ақ клеткалардың кейбір түрлерін жұқтырады.  Вирус клеткаға ене отырып, белсенді түрде көбейеді. Бұл соңында жұқтырылған клеткалардың бұзылуына және жойылуына әкеп соғады. АИТВ-ның болуы уақыт өте келе иммуноқұзіретті клеткаларды іріктеп жоюы  және олардың субпопуляциясы басуының салдарынан иммундық жүйенің бұзылуына әкеледі. 

Клеткадан шыққан вирустар жаңадан еніп, цикл қайталана береді. Ақырындап CD4+ лимфоциттердің саны соншалықты азайып, ағза  дұрыс қызмет істеп тұрған иммундық жүйесі бар дені сау адам үшін қауіпсіз немес онша қауіпсіз оппортунистикалық инфекциялардың қоздырғыштарына қарсы тұра алмайды. 
ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, аурудың соңғы, терминальды сатысы. АИТВ адам ағзасындағы оппортунистикалық аурулар дами бастағанда иммундық жүйені белгілі бір жағдайға дейін әлсіретуі мүмкін.  ЖИТС диагнозы әдетте CD4+ лимфоциттердің бұзылу салдарынан иммундық жүйенің үдемелі әлсіруіне әкелетін, адамда бір немесе бірнеше өте қауіпті аурулар дамығанда, АИТВ жұқтырғанан кейін бірнеше жыл өткен соң қойылады. Қазіргі таңда бар ретровирусқа қарсы терапия вирустың белсенділігін және иммундық жүйеге тигізетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша АИТВ жұқпасының ЖИТС стадиясына өтуіне және дамуына  кедергі келтіреді.