2019 жылы 27 қарашасында "BIG Шанхай" СҮ-де Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп акция өткізілді.
2019 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» тақырыбында кең ауқымды акция өтті.
2019 жылдың 21 қарашасында «Астана» республикалық радиосында «Әлеумет тынысы» хабарында «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өтетін ЖИТС-пен бүкіләлемдік күрес науқаны шеңберінде ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы тікелей эфирде сөйледі.
2019 жылдың 19 қарашасында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Д. Бексұлтанова Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медицина университетінің жалпы медициналық факультетінің үшінші курс студенттеріне «Барлығы АИТВ туралы» атты дәріс өткізді.