2019 жылдың12 қарашасындаБүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес кампаниясы аясында №2 қалалық емханасында ЖИТС орталығының мамандары мен «Алтын Арай» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» атты ашық есік күні өткізілді.
2019 жылдың 11 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында қалалық ЖИТС орталығының конференц-залында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлесіп жалпы білім беретін мектептер мен арнайы орта оқу орындарының медицина қызметкерлері үшін семинар өткізілді.
«Нұрлы жол» теміржол вокзалында 2019 жылдың 8 қарашасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған акция ұйымдастырды, бұл шараға ЖИТС орталығының мамандары да ат салысты.
2019 жылдың 07 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Қазақ агротехникалық университетінде ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Қауымдастық маңызды» ұранымен акция өткізді.