2019 жылдың 8 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында қалалық әкімдікте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының «Жария», «Болашаққа қадам», «Human Health Institute» және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
2019 жылдың 7 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампаниясы аясында «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығында «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен акция өтті.
2019 жылдың 6 қарашасында ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында № 6 қалалық емханада "Жас талап" жастар денсаулық орталығымен бірлесіп «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен Ашық есік күнін өткізді.
2019 жылдың 05 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында "Солтүстік" СҮ-де, «Зеленстрой» АҚ, «Военизированная железнодорожная охрана» АҚ, «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен, Нұр-Сұлтан қаласынын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп, елорда тұрғындары үшін акция өткізілді.