16-18.09.2019 жылы ЖИТС орталығының мамандары "Рахат" монша кешенінің, "TIMEX GROUP" ЖШС, "Астана Маркет-радио" ЖШС, "ESP CENTER" ЖШС, "ҚР радиостанциясы"ЖШС қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді.
2019 жылдың 11 - 13 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы үшін АИТВ-инфекциясына қатысты аймақтық бағалауды әзірлеу бойынша ұлттық семинарға қатысты. Семинарды UNAIDS және PEPFAR қорымен бірлесіп Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығының зертхана меңгерушісі Л. С. Нұғманова ЖИТС қызметінің басқа мамандарымен бірге2019 жылдың 11-13 қыркүйегіндеМәскеу қаласында өткен зертханалық медицинаның V-мерейтойлық ресейлік конгресіне қатысты.
2019 жылдың 07 қыркүйегінде қалалық «Столичный» саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Денсаулық Фестивалі–2019» кең ауқымды акциясы өтті. Акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, ЖИТС орталығының және қалалық емханалардың қатысуымен ұйымдастырылды.