2019 жылғы 5 қарашада ЖИТС орталығында Ашық есік күні өтті. Алғашқылардың бірі болып ЖИТС орталығына Назарбаев Университетінің студенттері келді. Кездесу барысында мамандар студенттерді орталықтың қызметімен таныстырып, орталықтың күнделікті жұмысында шешетін АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша маңызды міндеттер туралы әңгімеледі.
2019 жылғы 01 қарашада ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж. Айтмағанбетқызы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК медицина қызметкерлері үшін каскад әдісімен «МӘМС жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыру» тақырыбында оқыту өткізді.
2019 жылдың 25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің орынбасарларыжәне АИТВ-инфекциясы бойынша жауапты мамандарға арналған семинар-кеңес өтті.
2019 жылдың 23 қазанда «Өз денсаулығың-өз қолында!» қалалық акциясы аясында «Small» супермаркетінде, ЖИТС орталығы мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарка ауданының ТКҚСҚББ мамандарымен бірлесіп, супермаркет қызметкерлері мен келушілеріне арнап акция өткізді.