2019 жылдың екінші қыркүйегінде Нұр-сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымының медицина қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2019 жылғы 14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС-пен күрес жөніндегі Элтон Джон қайырымдылық қорының (Ұлыбритания) бағдарламалық менеджерлері Фридрих Конрад және Джейкоб Рашбас сапармен келді.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұжымының ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті. Кешті орталықтың бас дәрігері Сәбит Бекмағамбетұлы Абдраимов ашып, құттықтау сөз сөйледі.
2019 жылдың 23-24 шілдесінде «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «ARBA market» ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы департаментінің және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп супермаркет қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.